Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 11 адам туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Аймақта COVID-19 инфекциясына шалдыққан 116 адам анықталып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, яғни 11 сәуір күні Қызылорда облысында тағы 11 адамның қауіпті індет жұқтырғаны анықталы. Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды. 

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бәрінен COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекциясына шалдыққан 116 адам анықталып отыр.

Новости партнеров