АҚШ-тағы коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарты миллионнан асты
АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан қайтыс болған американдықтар үшін бес күндік аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл елде пандемиядан көз жұмғандар саны жарты миллионнан асып, адам шығыны жағынан әлем бойынша көшбасшы болып отыр. Ал Нью Йорк Таймс газетінің бағалауы бойынша, COVID-19 дан мерт болған американдықтар саны Вьетнам соғысы, сондай-ақ бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардағы елдің әскери шығынынан да асып кеткен.