Еуропада бір күнде мыңға жуық науқас коронавирустан көз жұмған

obovsem.org
obovsem.org
Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Франция тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропада бір күнде мыңға жуық науқас коронавирустан көз жұмған. Тек Италияның өзінде кеше 993 адам бақилық болды. Бұл осы елдегі антирекорд, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал дәрігерлер жаңадан түсіп жатқан науқастар санының азайып жатқанын айтады. Бірақ босаңсып, ауруды өршітіп алмау керек. Осылай деген Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавирустың үшінші толқыны алдағы қаңтар айында болуы мүмкін деп ескертті. Испанияда мейрам күндері ел билігі жаңа жыл мен рождество мерекесінде 10 адамға дейін жиналып, атап өтуге рұқсат беріпті.

 Мұның арты дерттің жаппай таралуына әкелмесе болғаны. Португалияда азаматтарға тегін вакцина салу бүгіннен басталмақ. Осыған дейін аталған ел басшылығы 22 миллион доза сатып алып жатырмыз деген еді. Енді халыққа екпе тегін егілмек. Бірақ дәрінің қайдан алынғаны белгісіз. Осы күні КОВИД-19 инфекциясын жаһан жұртының 65 милионнан көбі жұқтырған. 

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Франция тұр. Ал бір жарым миллионнан астам науқас кеселдің кесірінен көз жұмған. Қадірлі көрермен, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол қарастырған абзал екенін естен шығармайық. Маска тағып, көпшілік жерде ара қашықтықты сақтап жүріңіздер.

Новости партнеров