Қытайда сиыр етінен коронавирус анықталды

20.11.2020 15:51

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр

pixabay.com

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын.