Коронавирус: eGov-та қауіпті аймақ картасы іске қосылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Картадан коронавирус жұқтырғандардың қайда орналасқанын көруге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЕGov-та коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды. Ол картадан коронавирус жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қайда орналасқанын көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Картада көрсетілген қызыл белгішелер коронавируспен науқас адамдардың стационарда орналасқан жері, ал көгілдір белгішелер – коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың тіркелген жері. Олар стационарлы немесе үй карантинінде болуы мүмкін.

Айта кетсек, 24 наурыз сағат 09:00 бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың 66 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам бар.

 


Новости партнеров