|
26.07.2022 | 10:54
675

АҚШ-та 14 миллионнан астам бала коронавирусқа шалдықты

Соңғы төрт апта ішінде АҚШ-та 311 мыңнан астам бала ковид жұқтырған

АҚШ-та 14 миллионнан астам бала коронавирусқа шалдықты  Фото: ашық дереккөзден

Америкалық педиатрия және балалар ауруханалары қауымдастығының соңғы есебіне сәйкес, ковид пандемиясы басталғалы Америка Құрама Штаттарында 14 миллионнан астам бала вирусқа шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Есепке сәйкес, 14-21 шілде аралығында елде 92 мыңнан астам баладан вирус анықталған. Соңғы төрт апта ішінде АҚШ-та 311 мыңнан астам бала ковид жұқтырған. 2022 жылы ауруға шалдығудың 6,1 млн-ға жуық жаңа жағдайы тіркелді. Америкалық педиатрия академиясының мәлімдемесінде вирустың жаңа түрлерінің таралуына байланысты аурудың ауырлығын бағалау үшін адамдардың жас ерекшеліктеріне қатысты көбірек мәлімет жинау қажет екені айтылды. Пандемия балалар денсаулығына тікелей әсер етеді. Балалар мен жастардың физикалық, психикалық және әлеуметтік-әл-ауқаты үшін аурудың ұзақмерзімді салдарын анықтау және жою қажет.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир