Көпбалалы отбасы: Жәрдемақы мөлшері қандай

sputnik.kz
sputnik.kz
Мемлекеттік жәрдемақыны беру кезінде отбасының табысы қарастырылмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бастап 501,5 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар ала алады. Мемлекеттік жәрдемақыны беру кезінде отбасының табысы қарастырылмайды.

Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай есептеледі. Әр балаға 12 720 теңге төленеді. Сонда 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңгеден келеді.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Новости партнеров