Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін: Сағынтаев санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырды

28.11.2020 15:59

Бұл туралы қала әкімі Б.Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді

nur.kz

Алматы қаласы вирус жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Бұл туралы қала әкімі Б.Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы – босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», – деп жазады Сағынтаев.