|
19.03.2020 | 10:59
7052

Коронавирус жұқтырған алматылық тұратын тұрғын үй оқшауланды

Кешеннің жұмыс істейтін барлық тұрғынын жұмыс берушілерінен қалыптасқан жағдай туралы ескерту сұралған

Коронавирус жұқтырған алматылық тұратын тұрғын үй оқшауланды

Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

19 наурыздан бастап "Сұңқар" ТК аумағы қоршалады, периметрі бойынша 4 бақылау-өткізу пункті орнатылады. Тұрғын үй кешенінен тұрғындардың ешқайсы кете алмайды, сондай-ақ қонақтарды қабылдай алмайды. Кешен тұрғындары өз тұрғын үйінен кетпеуі керек, жерасты паркингіне түсуге тыйым салынады.

"Біздің кешеннің тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Сондай - ақ, жеткізу орталықтарынан тауарлар мен өнімдерге тапсырыс беру кезінде жеткізілген тапсырыстарды төрт БӨП-тің бірінде алуға болады, бұл туралы хабарланатын болады", - делінген әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламада.

Кешеннің жұмыс істейтін барлық тұрғынын жұмыс берушілерінен қалыптасқан жағдай туралы ескерту сұралған. Карантин 15 күнтізбелік күнге созылады және қажет болған жағдайда ұзартылады екен, бұл туралы алдын ала хабарланады.

"ПИК, СЭС және әкімдік қызметкерлері пәтерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Карантин режимін бұзғаны үшін тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады",- деп ескертті кешен әкімшілігі.

Өз кезегінде әкімдік өкілдері "Сұңқар" ТК аумағында қауіпсіздік шаралары ДСҰ стандарттарына сәйкес қабылданғанын хабарлады. Дегенмен жергілікті тұрғындар арасында таралу қаупі бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир