|
19.03.2020 | 11:05
1506

Алматыда карантин күшіне енді

Басты мақсат – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және инфекцияның таралуын тоқтату

Алматыда карантин күшіне енді tengrinews.kz

Алматыда карантин күшіне енді. Басты мақсат – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және инфекцияның таралуын тоқтату, деп хаабарлайды Almaty.tv. 

 Негізгі шаралар: Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі; Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады; Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады  және іргелес аумақтар тазаланады. Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі; қалаға кіреберістерде 27 блок бекеттер орнатылды; Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады; Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Карантин кезінде азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, балабақшалардың, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылды.

ГРАФИКА – 1

Негізгі шаралар:

• Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;

• Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады;

• Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады және іргелес аумақтар санитарлық тазаланады;

• Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі;

• Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттері орнатылады;

• Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады;

• Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.

ГРАФИКА – 2

Карантин кезінде:

- балабақшалар;

- азық-түлік емес сауда орындары;

- азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир