Алдын ала билет алып қойған жолаушылар ақшаларын сатып алған жерлерінен қайтарып ала алады
Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен ведомствоаралық комиссиясының шешімімен келесі елдерге орындалатын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды: Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар аясында 2020 жылғы 12 наурызда шетелдік әуе компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Әуе рейстер санының қысқаруына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылды.
Әуе рейстерінің қысқаруына байланысты, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:
Turkish Airlines: 7 727 3123250, 51, тәулік бойы;
«Белавиа»: 7 7172 320241, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;
Fly Dubai: 7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
Etihad Airways: 7 800 5556248, тәулік бойы;
Pegasus Airlines: 705 5558444, тәулік бойы;
Uzbekistan Airways: 7 7172 910459, 60, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;
«Эйр Астана»: 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;
SCAT: 7 7252 998880, тәулік бойы.