Испанияда маска киюден бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Фильм көрсету кезінде режиссердің маска кию бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Испаниядағы Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан халықаралық фестивальда франциялық режиссер, сценарийші және актер Эжен Грин медициналық маска киюден бас тартқаны үшін аккредитациядан айырылып, байқаудан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмін көрсету кезінде режиссердің маска кию бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан. Ақыры франциялық режиссер залдан қуылды. Басылым мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары актерді оған шағым түсірілетіні жайында ескерткен. 28 тамызда Париж билігі қала тұрғындарын көшеде жүргенде маска тағуды міндеттеген болатын. Ал 26 тамызда мұндай шешімді Марсель билігі де қабылдады. Көшеде немесе дүкенде маскасыз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ережелер қайта бұзылса, айыппұл сомасы 1,5 мың еуроға дейін көбеюі мүмкін.

Новости партнеров