Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар
Коронавирусты тасымалдаушылар саны шамамен жүз бес миллион адамға дейін өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі миллион екі жүз мыңнан астам адам кеселден мерт болған. Тізімнің көш басындағылар: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания.
Португалияда қолданыстағы шектеу шараларына қарамастан, коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі жоғары. Әсіресе Лиссабонда жағдай қиын. Медициналық мекемелерде орын жеткіліксіз. Осыған байланысты елге Германиядан көмек келді. Бундесвер ұшағы Лиссабонға дәрігерлер мен мейірбикелер тобын, сондай-ақ 40 қозғалмалы және 10 стационарлық желдеткіш, 150 медициналық төсек-орын, басқа да жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізді.
Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Қытайдың Ухань қаласына барды.
Еске сала кетейік, аурудың ошағы яғни вирус әлемге осы жерден тараған болатын. Сарапшылар қазіргі SARS-CoV-2 жасанды түрде жасалған гипотезаның қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтауға ниетті. Делегаттар ведомстволық ғылыми-зерттеу институтының жанындағы жергілікті микробиологиялық зертхана мен зерттеу орталығында болған. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.