Қазақстандағы коронавирус: «сары» аймақта үш, «қызыл» аймақта алты өңір тұр
vlast.kz
«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00