Қазақстанда коронавирус жұқтырған 416 адамның жағдайы өте ауыр

07.08.2021 16:02

191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

inform.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 тамыздағы мәлімет бойынша, 109 163 адам коронавирус инфекциясынан (–105 454 + және 3 709 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 29 961 пациент стационарда жатыр, 79 202 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.