Коронавирус: Алматы «жасыл» және «сары» аймақтың шекарасында тұр

26.02.2021 16:03

«Сары» аймақта-Нұр-сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары

nur.kz

26 ақпандағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта бірде-бір аймақ жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сары» аймақта – Нұр-сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта – қалған барлық өңірлер.


Алматы «жасыл» және «сары» аймақтың шекарасында тұр.


Бұған дейін хабарланғандай, бір тәулік ішінде елімізде COVID-19 ауруы 855 адам анықталған.