Halyk Arena-ға орташа ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі
Halyk Arena спорт кешені ішіндегі провизорлық орталықтың жұмысы қайта басталды. Бұл туралы Аламта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Halyk Arena-ға орташа ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі.
«Халық арена қайта іске қосылды. Таңертең 18 адам түсті. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның таралмауына қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешенінде 1000 орын бар. Онда коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар жеткізілді, науқастарды емдеудің барлық талабына сәйкес келеді», – деп хабарлады Алматы ҚДСБ өкілдері.