|
04.03.2020 | 11:05
1520

Коронавирус тағы 8 елде анықталды

Жұқпалы вирус Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған

Коронавирус тағы 8 елде анықталды minsknews.by

Коронавирус тағы 8 елде анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Қытайдан тыс мемлекеттерде вирус жұқтырғандардың саны – 10 мың 566 адам. Соңғы тәулікте 72 елде тағы 1 мың 792 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Вирус тағы сегіз елде – Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда анықталған. Қытайдың өзінде коронавирус жұқтырғандарды жалпы саны – 80 мың 304 адам болса, 2 мың 946 адам көз жұмған. Бүкіл әлемде вирусты 90 870 адам жұқтырған. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында 5 наурыздан бастап Әзербайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерден шығуға шектеу қойылады. 

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық кемелер экипаждарының мүшелері порттарда ауысқан кезде оларға бақылау күшейтілмек. Қабылданатын шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктеріне жеткізіледі», – деп түсіндірді министрлік өкілдері. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың ошағы сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир