Атырау облысында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы айтылды

07.04.2020 16:07

Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар

Ашық дереккөз

7 сәуір күні таңертең Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш жағдай анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қауіпті инфекция жұқтырған жаңа жағдайлар туралы денсаулық сақтау басқармасында хабарланды. Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар.

«Зейнеткерден пневмония табылды. Оның жағдайы ауыр», - деп нақтылады облыстықтық денсаулық сақтау басқармасында.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған. Осылайша Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды,оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр.

Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.