БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіге барғанын хабарлаған болатын
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ke сілтеме жасап.
«Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!» – деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.
Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын.
«Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!» – деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіге барғанын хабарлаған болатын.