Коронавирус: Алматы «қызыл» аймаққа өтті

26.06.2021 16:08

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы,Қостанай және Маңғыстау облыстары

NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.⠀

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы,Қостанай және Маңғыстау облыстары. ⠀

«Жасыл» аймақта Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.