1 тамыздан бастап Германияға кез келген көлікпен келетін саяхатшы COVID-19 үшін тест тапсыруы қажет
Германия шекарасынан өтетін әрбір азаматқа COVID-19 тест тапсыру міндеттелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
1 тамыздан бастап Германияға кез келген көлікпен келетін саяхатшы COVID-19 үшін тест тапсыруы қажет.
АҚШ-та вакцина салдырғандарға сыйақы беріледі және вакцина салдырудан жалтарғандарға қатысты қатаң шаралар қолданылады.
Айта кетейік, Германияда вакцина салдырмаған мемлекеттік қызметкерлерге шектеулер енгізіледі.
Сондай-ақ, Ақ үй елде екпе салдыру санын көбейту мақсатында жаңа шаралар жариялады. Алғашқы вакцина алғандардың әрқайсысына 100 доллар беріледі, ал екпе салдырмаған мемлекеттік қызметшілерге бетперде кию талап етіледі.