COVID-19 Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан табылды, оның ішінде 1998 жылғы қыз және 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991, 1996 жылдары туылған сегіз ер адамдар мен кәмелет жасына толмаған 2008 жылғы қыз бала. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын Павлодар қаласының екі тұрғыны жұқтырған, олар: 1980 жылғы ер адам және 1966 жылы туылған әйел адам.
«12 адамның ішінде 11-і короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болса, біреуі жақын қарым-қатынаста болған», - делінген хабарламада.
Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.м
Қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам тіркелген.