282 өлім жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 483 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 218 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 25 115, 282 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 517 жетті.