COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 543 науқас анықталды
Стационарларда 3 843 науқас жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 658, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549 жетті.
Қазіргі уақытта
коронавирустық инфекциядан 7 968 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың
арасында 33 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 843 науқас жатыр. 4 125 адам
амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 213 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың
ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету
аппаратында жатыр, - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратөан
хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
14.09.2026 11:13