Маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа ереже бойынша, балалар кабинеті, түзету орталығы, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарына 15 адамнан аспайтын топ жинауға рұқсат етілді. Санитар талаптар сақталуы тиіс.
Сондай-ақ, 50 адамға дейін жиналуға болатын мәдениет нысандары мен сахнаға дайындықтарға арналған концерт залдарының, 30 пайыз толымдықпен театрлар, кинотеатр, цирктің және хайуанаттар бағының қызметіне маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
Еске салайық, Алматы 2021 жылдың қаңтарының соңынан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта.