Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан 27 наурызда шығарылады.
Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам Алматыда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан 27 наурызда шығарылады.
Кеше елімізде коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. «Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады», – деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. «Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.