Түркістан облысында жыл басынан бері карантин режимін бұза отырып, ұлттық спорт түрі «көкпар» өткізудің 48 жайты анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған жайттарды рейд барысында анықтаған полицейлер, тиісті шара қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинақтап, СЭББ-ға жолдауда.
Дегенмен карантин шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймай отыр. Соның салдарынан халықтың денсаулығын қауіпке итермелеуде.
Осындай адамдар тобын көптеп жинап, көкпар өткізудің кезекті жайты Шардара ауданында анықталды.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Көксу ауылдық округіне рейд жүргізді.
Нәтижесінде Көксу ауылы маңында 100-ге жуық адамның қатысуымен өткізіліп жатқан «Бата көкпар» тоқтатылып, полиция қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көкпарға жиналған халық бірден тарқатылды.