Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты 9 жағдай тіркелді

16.03.2020 16:14

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды

kstnews.kz

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус індетіне қатысты 9 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласында  7 тұрғын болса, ал Нұр-Сұлтанда 2 адам. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Стационарлық карантинде 1 мың 644 адам, үй карантинінде 628 адам жатыр. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
БАРЛЫҒЫ – 9
АЛМАТЫ – 7
НҰР-СҰЛТАН – 2

КАРАНТИНДЕ:
СТАЦИОНАР – 1641 
ҮЙ – 981 

БАҚЫЛАУ: 
БАРЛЫҒЫ – 2626 
1А –1689
1Б – 586 
2 – 351 

503 
шығарылды 

2123 
бақылауда