|
11.06.2020 | 11:16
1286

БҚО-да індеттен көз жұмған қария ауруы асқынғанша дәрігерге қаралмаған

Кеше елімізде COVID-19 инфекциясынан алты науқас қайтыс болған еді

БҚО-да індеттен көз жұмған қария ауруы асқынғанша дәрігерге қаралмаған Фото: ИЗВЕСТИЯ

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан көз жұмған 79 жастағы кейуана үйінде өздігінен емделген, деп хабарлайды Almaty.tv  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1941 жылғы тұрғын 22 мамыр күні ауырған. Әлсіздік пайда болып, қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, үйде өздігінен емделген, дәрігерге қаралмаған.

«Жағдайы нашарлағаннан кейін 25 мамыр күні учаскелік дәрігерге жүгінген. 27 мамыр күні сағат 00.40-та ауыр халде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Марқұм 7 маусым күні сағат 17.30-да қайтыс болды», - делінген ақпаратта.

Диагнозы: ауыр жағдайда өрбіген коронавирус жұқпасы. Екіжақты полисегментті пневмония. Сондай-ақ қосымша басқа да аурулары асқынып кеткен.

Осылайша БҚО-да коронавирустан көз жұмғандар саны 3-ке жетті. Кеше елімізде COVID-19 инфекциясынан алты науқас қайтыс болған еді.

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир