1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 38 882 адамға жетті
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
«1 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 38882 адамға жетті. Барлығы 408 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандар саны 29079 адамға жетті», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін өткен тәулікте еліміз бойынша 613 адамның коронавирус індетін жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.