|
29.08.2020 | 11:18
1245

Коронавируске қарсы жаңа дәрілер табылды

COVID-19-ға қарсы дәрілердің тиімділігі зертханалық зерттеулерде расталды

Коронавируске қарсы жаңа дәрілер табылды

Типсіз пневмониямен күресуге әзірленген препараттар COVID-19 індетімен күресуге көмектесуі мүмкін. Австралиядағы Вальтер және Элиза Холл медициналық зерттеулер институтының ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Сарапшылар SARS-CoV-2 негізгі ферментін – PLpro деубиквитиназға тосқауыл қоятын жаңа дәрілік қоспаларды тапты. Бұл қоспа барлық коронавирустарда кездеседі және жасушаларды жұқтырып, олардың ішіндегі қоздырғышты көбейту үшін қажет. Сондай-ақ, бұл вирусқа қарсы бағытталған қорғауды өшіреді. Бастапқыда типсіз пневмонияға бағытталған COVID-19-ға қарсы дәрілердің тиімділігі зертханалық зерттеулерде расталды.

ANSTO синхротронын қолданған ғалымдар SARS-CoV-2 құрамындағы PLpro-ның адам ақуыздарымен өзара әрекеттесуін зерттеп, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің әлеуетті мақсаттарын анықтады. Осыдан кейін олар осы өзара әрекеттесуді тежейтін дәрілерді скринингтен өткізді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир