Шымкенттегі стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты

Шымкенттегі стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты
Науқас екі жақты вирусты пневмонияға шалдыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен коронавирус инфекциясына шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінге дейін бұл орталықта 400-ге жуық адам ем қабылдап, дертінен айыққан. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мақпал Тастанова есімді науқас Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында оның екі жақты вирусты пневмонияға шалдыққаны анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Уақыт өте келе көпбалалы ананың денсаулығы жақсарып, арнайы стационардан шығарылды.

«Орталықтың барша дәрігеріне алғысым шексіз. Балаларымды қатты сағындым. Енді отбасыммен аман-есен қауышатын болдым», – дейді ол.

Айта кетейік, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы жұқпалы дерт өршіген тұста прозизорлық стационар ретінде науқастарды қабылдай бастады. Ендігі медициналық ұйым штаттық режимдегі жұмысын жалғастыратын болады.

Новости партнеров