Cолтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокпостарда кезекшілік етіп жатыр.
«Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокпосттың қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет тұр. Олар 12 қазан күні сағат 00.00-ден бастап жұмыс істей бастады», – делінген хабарламада.
Сондай - ақ, полиция қызметкерлері Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылын патрульдеуді күшейткені айтылады.
Полицейлер көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындарына карантин шараларын сақтауды ескертеді: масканы дұрыс тағу мен әлеуметтік қашықты сақтау.
Еске салайық, 9 қазаннан бастап Булаев қаласы қатаң карантинге жабылды. Ал 11 қазанда СҚО-ның тағы бір елді мекені Есіл ауданының Явленка ауылы карантинге жабылған болатын.