|
06.04.2020 | 11:19
1326

АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде көз жұмды

Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген

АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде көз жұмды achtungpartisanen.ru

АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды Sputniknews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болған. Арасы алты минут.

"Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталып, ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді", - дейді ол.

Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді.

Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.

Әзербайжанда коронавирустан екі адам қайтыс болды


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир