Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта тұр

31.05.2021 16:19

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары

Фото: ашық дереккөзден

31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары.⠀ 

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.⠀ 

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта.