|
17.03.2020 | 11:19
2088

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 13-ке жетті

Aрасында небәрі 2 жастағы қыз бар

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың  саны 13-ке жетті Total.kz

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 13-ке жетті. Оның 11-і Алматыда. Ал екеуі Нұр-Сұлтанда ем қабылдап жатыр. Тәулік ішінде қауіпті індетті жұқтырғандардың арасында небәрі 2 жастағы қыз бар. Ол 13 наурыз күні Берлин –Минск – Алматы бағытымен ұшып келген. Қазір ол қаладағы инфекциялық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv. 

COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

БАРЛЫҒЫ – 13

АЛМАТЫ – 11

НҰР-СҰЛТАН – 2

КАРАНТИНДЕ:

СТАЦИОНАР– 1641

ҮЙ – 981

БАҚЫЛАУ:

БАРЛЫҒЫ – 2626

1А – 1689

1Б – 586

2 – 351

503

шығарылды

2123

бақылауда

«Екінші науқас 1966 жылы туылған азамат бізге Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келді. Алматыдағы көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды. Үшінші науқас 1956 жылы азамат ол да Мәскеу қаласынан 10 наурыз күні ұшып келді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.

Айта кетейін, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен барлық науқастар тиісті ем алып жатыр. Стационарлық карантинде 1 мың 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 626 адам алынды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир