Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға блокпосттар қойылады

05.11.2020 в 16:20

Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді

Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға блокпосттар қойылады. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Көкшетау қаласының карантин аумағы периметріне уақытша санитарлық пост қою туралы шешім шығарылған. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артса, онда биылғы жылғы қарашаның 3-де шыққан №136 қаулыға өзгеріс енгізіледі және Мемлекеттік ведомоствоаралық комиссияның нұсқауына сәйкес облыс орталығы периметрі бойынша блокпосттар қойылады», – делінген ведомствоның жазбасында. 

Сонымен қатар, ведомстводан атап өткендей, әуе, теміржол байланысы бойынша шешімді көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шығарады. 

Айта кетейік, қарашаның 3-де Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің өңірде карантин шараларын күшейту туралы қаулысы шыққан болатын.