Кездесу барысында сонымен қатар креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құруды, сондай-ақ жастар мәселесіне байланысты көптеген өзекті сұрақтар қозғалды
Наурызбай ауданында «Жастар-Отанға» партиялық жобасы аясында «Жастар жылы – жастарды қолдау жылы» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басты басымдық жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мен әлеуетін дамытуға берілді. Бұл ретте Алматы жастарға барлық мүмкіндікті беретін ең қолайлы қала ретінде айқындалды.
«Жалпы, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, бұл еліміздің дамуына үлкен серпініс берді. Қазақстан осы саясатын әлі күнге дейін жалғастырып келуде. Бұл саясат келешекте өзінің үлкен жетістіктерін беретіні сөзсіз»,– деді онлайн кездесудің ұйымдастырушысы, «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Әйгерім Түгерекова.
Пікірталас қатысушылары орта және жоғары білім берудің қол жетімділігін, еріктілер қозғалысының негізгі қағидалары және де Наурызбай ауданындағы жастарға бос уақытта айналысатын шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында сонымен қатар креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құруды, сондай-ақ жастар мәселесіне байланысты көптеген өзекті сұрақтар қозғалды.