50 пациенттің жағдайы өте ауыр
22 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 469 адам короновирус инфекциясынан (13 788 КВИ+ және 11 681 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Емделіп жатқандардың ішінде 6 791 пациент стационарда, 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
291 адамның жағдайы ауыр;
50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.