Бір тәулік ішінде 400-ге жуық адамнан пневмония анықталды

05.08.2021 16:21

2021 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

3 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 379 жағдайы және 33 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 153 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 62 151, 3814 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 55 114 жетті.