|
17.04.2021 | 11:22
2899

Алматыда 3688 тұрғын стационарда коронавирустан емделіп жатыр

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды

Алматыда 3688 тұрғын стационарда коронавирустан емделіп жатыр Фото: bezformata.com


2021 жылдың 17 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 680 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 562-і симптомдық белгілері бар және  118 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бір тәулік ішінде  – 506 науқас қабылданды, барлық стационардан 416 науқас шығарылды.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 688 адам (102 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 830, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 858.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы –  251 (бос  төсек-орын саны – 199).
ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 86, High flow-да 93 аппарат жұмыс істейді.
6 239 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 384 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 855 симптомсыз.
2021 жылдың 17 сәуір  күнге арналған вакцинация бойынша туралы ақпарат.  
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  9140 адам вакцина алды.
01.02.2021-16.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  126 099 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда  203 вакцинация пункті жұмыс істейді, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті  өз жұмысын бастады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир