Маңғыстау облысында карантин күшейтілді

06.07.2021 16:22

Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосулар және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, енді мейрамхана, кафе және кофехана типіндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген режимде үстелдердің арасы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% келушілерман 30 отыратын орыннан аспайтын талаптарды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, ас беру) үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін және ашық ауада сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін (жазғы залдар) жұмыс істейді. Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосулар және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. 

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда еске алу өткізуге рұқсат бар. Орналасқан жеріне қарамастан, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің бассейндерді, сауналарды, СПА-ны салондар 5 адамнан аспайтын топпен «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін ғана жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, қалааралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынады. Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.