Коронавирус пневмониясынан тағы 4 науқас көз жұмды

13.06.2021 16:40

Ал өткен тәулікте 1058 адам коронавирус жұқтырды

zakon.kz

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz-ге сілтеме жасап.

Оған қоса 25 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56202, 951 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51663 жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1058 адам коронавирус жұқтырды.