Алматыда 3 маусымдағы дезинфекция жұмыстарының кестесі жарияланды

03.06.2020 в 16:24

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер, балалар және спорт алаңдары залалсыздандырылады

Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 3 маусым күнгі дезинфекциялау кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмалы ауданы бойынша: Абай – Әуезов – Гоголь – Байзақов – Райымбек – Үлкен Алматы көшелерінің шаршы аумағы;

Алатау ауданы бойынша: Саялы, Көкқайнар, Рахат, Боралдай, Әйгерім, Қарасу, Өжет шағынаудандары;

Әуезов ауданы бойынша: Мамыр-1, 2, 3, 4 ықш. ауданы; Жетісу-1, 2, 3, 4 ықшаиауданы; Ақсай-1, 1А, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 5; Сәдуақасов көшесі;

Бостандық ауданы бойынша: Орбита-1, 2, 3, 4; Науаи көшесі, әл-Фараби даңғылы, 125-135, Торайғыров, Рысқұлбеков, Щепкин көшелері, Мирас ықшам ауданынан Асқаров көшесімен батыс шекараға дейін, әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай: Қазақфильм ықшамауданы, Ерменсай, Нұр Алатау, Көкшоқы, Алма-Арасан, Бағанашыл, Ақтөбе көшелері;

Жетісу ауданы бойынша: Құлагер ықшамауданы, Кемел, Көкжиек шағынаудандары;

Медеу ауданы бойынша: Думан-2 ықшамауданы, Атырау, Алатау, Горный гигант (Ақбота тұрғын үй кешені), Таушатыр, Юбилейный, Горная каток көшесі, Медеу, 448, 550, 554, 558, 564, Арман вилл тұрғын үй кешені, Көк Төбе сити тұрғын үй кешені, Оспанова көшесі 69, 69Б, 69В, 69Г, 152, 158; Құлжа тас жолы 2А, Кәрімбаев 1, 1А, 1Б, Менделеев 42, Коперник 112А, Есенберлин, 155, 108 мекенжайлары;

Наурызбай ауданы бойынша: Шұғыла ықшамауданы, Шұғыла, Премьера, Алма Сити тұрғын үй кешендері;

Түрксіб ауданы бойынша: Рысқұлов, Сейфуллин көшелері, теміржол вокзалы, Баум тоғайы, Зорге, Спартак, Станкевич, Толстой, Шолохов, Айбасов, Аймауытов, Ақын, Ақан сері, Бехтерев, Варшавский тұйық көшесі, Ғанибет, Глазунов, Достоевский, Сауранбаев, Дулатов, Жұмабаев, Қарақұм, Котельников, Молдағалиев, Ровенский, Успенский, Чернышевский, Жас канат, Федосеева, Волочаевская, Баймағамбетов көшелері залалсыздандырылады.