Қазақстандағы коронавирус: «қызыл» және «сары» аймақта 9 өңір тұр

04.04.2021 в 16:24

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.