Өткен тәулікте 4 науқас пневмониядан қайтыс болды

04.04.2021 17:05

169 адам емделіп шықты

Фото: express-k.kz

4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2 сәуірде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 169 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 50 815, 700 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 779 жетті.