Иранда бір тәулікте коронавирустан 268 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Елде бір күнде 27 146 адам індетке шалдыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Иранда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.
«Елде бір тәулікте 27 146 адам індетке шалдыққан және 268 адам қайтыс болған. Пандемия басталғаннан бері елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 3 691 432 адамға жетті, елдің 88 800 тұрғыны ауру салдарынан қайтыс болды. Реанимация палаталарында 4 863 науқас емделуде», – деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың I компонентін 7 871 104 адам, ІІ компонентін 2 394 707 адам салдырды. Иранның жалпы халық саны 83 миллионнан астам адамды құрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37