Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 13 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Кеше, яғни 12 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Қостанай облысы болған еді. «Қызыл» аймақтағы өңірлер бойынша бүгінгі матрица өзгерген жоқ.
Ал «сары» аймақта Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.