Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 92 жастағы тұрғыны пневмониядан жазылып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Моншақ Кенжалиева есімді аудан тұрғыны 1 апта бұрын аудандық ауруханаға екі жақты пневмония диагнозымен түскен. Дәрігерлердің біліктілігі мен дәрі-дірмектің жеткілікті болуы қарт ананың аурудан құлан таза айығуына сеп болыпты.
Айта кетейік, қазір Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар мен пневмонияға шалдыққандар саны біртіндеп азайып келеді. Жедел жәрдем шақырту дерегі де біршама азайған.
Аудандардағы ахуал тұрақты. Дәрі-дәрмек жеткілікті, - дейді мамандар. Өзге елдерден де гуманитарлық көмек жетіп, аудандарға тегін таратылып жатыр. Мәселен, күні кеше Шардара ауданына Ресей мен Өзбекстаннан келген көмек жеткізілді.